Телеканал Астана / Astana TV

Телеканал Астана / Astana TV

Astana TV - «Нұр Отан» партиясының ақпараттық холдингіне кіретін республикалық телеарна. Бүгінде тәулігіне 23 сағат хабар тарады. Арна эфирі спутниктік желі арқылы ел аумағын 100 % қамтиды.

Негізгі тақырыптық бағыты - қоғамдық-саяси, ақпараттық-сараптамалық, танымдық және ойын-сауық бағдарламаларды дайындап, көрерменге ұсыну. «Астана» телеарнасы мемлекеттік тілдегі хабарларға басымдық береді. Қазір тәуліктік таратылымның 80 пайызы қазақ тілінде. Көрермендерінің 90 пайызы - қазақ тілді аудитория.

Телеарна күнделікті жаңалықтар мен қоса, апталық-сараптамалық бағдарламалар және аптасына 20 дан аса ақпараттық, танымдық, ойын-сауық бағдарламаларды эфирге шығарады.

Видео
MNworlds